Қазақстан футзал ассоциациясын Талғат Қосмұхамбетов басқарады
Қазақстандағы ең үздік футзал төрешілерінің бірі Талғат Қосмұхамбетов жақында Қазақстан футзал қауымдастығына басшы болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Prosports.kz сайтының мәліметінше, Қосмұхамбетов бұл қызметте белгілі педагог, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеевті ауыстырады.
Талғат Қосмұхамбетов халықаралық дәрежедегі төреші. Ол футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы, әлем суперкубогы, студенттер арасындағы әлем чемпионаты, әлем және Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі матчтарына төрелік жасаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или