Тоқаев «Жетісу» клубынан кететінін хабарлады

Тоқаев «Жетісу» клубынан кететінін хабарлады

Қазақстан құрамасының негізгі футзалшыларының бірі әлеуметтік желіде «Жетісу» клубынан кететіні туралы айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Ассаламуалейкум, футзал сүйер қауым! «Жетісу» командасымен менің келісім шартым аяқталды. Ең алдымен, команда басшылығына, жаттықтырушылар штабына және паркет пен киім ауыстыратын бөлмені бөліскен команданың жігіттеріне, ең бастысы жанкүйерлерімізге алғысымды білдіремін.

Бұл менің мансабымдағы ең қиын маусымдардың бірі болды, бірақ қандай жағдай болмасын, біз максималды көрсетуге тырыстық.Өкінішке орай, бұл әрқашан нәтиже бермеді.

«Жетісу» командасына жаңа маусымда одан әрі дамып, табыс, ал жанкүйерлерімізге шыдамдылық тілеймін!, - деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Тоқаев 23 жаста және ол ұлттық құрамада 2020 жылдан бері ойнап келеді.<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или