ГЛАВНАЯ
Әли Қабдулла беделді промоушнде нокаутпен жеңіске жетті
Әли Қабдулла беделді промоушнде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Әли Қабдулла (8-1-1) Бангкокте өткен ONE Friday Fights 18 турнирінде өнер көрсетіп, қарсыласын нокаутқа жіберді.
Әли Қабдулла бразилиялық файтер Ричард Годоймен (15-4) айқасты. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақта өтті, үш раундқа есептелген. Онда қазақстандық техникалық нокаутпен үшінші раундта жеңді.
Әли Қабдулла ММА-дегі кәсіби мансабында тоғызыншц рет жеңіске жетті, ал Ричард Годой бесінші рет жеңілді. Әли Қабдулла соңғы айқасын екі ай бұрын өткізген болатын: наурызда қазақстандық бразилиялық Алиссон Барбозамен (20-9) айқасып, үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или