Басқа

Кипр Гран-приі: Бибісара Асаубаева қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипр Гран-приінің төртінші кезеңінің екінші күнінде тағы бір қарсыласын жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

Жарыстың сегізінші турында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева грузин шахматшысы Белла Хотенашвилиді ұтты. Бұл жеңістен кейін қазақстандық ойыншы 4 ұпай жинап, турнир кестесіндегі орнын сәл жақсартты.

Тоғызыншы айналым басталар алдында Бибісара Грузия өкілі Нана Дзагнидземен 7-ші және 8-ші орындарды бөлісіп тұр. Никосия қаласында өтіп жатқан әйелдер Гран-приінің финалдық кезеңіне барлығы 12 шахматшы қатысуда, олар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0