Хоккей

«Барыстың» бұрынғы қақпашысы клубқа қайта оралады

«Барыстың» бұрынғы қақпашысы клубқа қайта оралады

Қақпашы Эдди Паскуале «Барысқа» клубына оралып, екі жылдық келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы хоккейші өткен маусымда «Металлург» сапында өнер көрсетті. ҚХЛ тұрақты маусымында 50 ойынға, плей-офф кезеңінде 10 ойынға қатысты.

Бұған дейін канадалық қақпашы 2019-2020 жылдары «Барыс» сапында, ал 2020-2022 жылдары «Локомотив» сапында бақ сынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0