русский язык
Велоспорт

Спартакиадада велотректен Астана қаласы дес бермеді

Спартакиадада велотректен Астана қаласы дес бермеді

Астана қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде велотректен VI жазғы Қазақстан Республикасы Спартакиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Осы тұста бұл спорттан жарыстардың бір бөлігі бір ай бұрын өтіп кеткенін айта кетейік.

Жалпы есепте Астана қаласының велошабандоздары 6 алтын, 9 күміс және 2 қола медальмен ешкімге дес берген жоқ. Тек күміс жүлде жағынан жол берген Жетісу облысы (6 алтын, 3 күміс, 5 қола) 2-орынға тұрақтаса, үздік үштікті Қарағанды облысы (2 алтын, 1 күміс, 4 қола) түйіндеді.

Осы жолғы Спартакиадада барлығы 11 өңірге жүлде бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;