Кака «Қайрат» АФК-дан кетті

Бразилиялық бапкер Пауло Рикардо Кака «Қайрат» АФК бас бапкері ретіндегі бес жылдық жұмысын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.
Пауло Рикардо Фигейра Силва 2018 жылдан бері «Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының бас бапкері. «Қайраттағы» бес маусымнан кейін Чемпиондар лигасын жеңе алмаған Кака алматылық клубтан кетті. Дегенмен, бразилиялық маман Қазақстан құрамасында жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, алматылық команда финалдық серияда үшінші жеңіске жетіп, ел чемпионатын қатарынан жиырма рет жеңіп алды. Биыл финалда «Аятты» жеңді.