«Қайраттың» бұрынғы бапкері Кипр чемпионы атанды

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Кипр чемпионы атанды

Беларусь маманы Алексей Шпилевский жаттықтаратын «Арис» футбол клубы Кипр чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Арис» клуб тарихында алғаш рет Кипр чемпионы атанып отыр.

Алексей Шпилевский команда тізгінін 2022 жылғы ақпанда ұстаған. Алғашқы маусымда Шпилевскийдің жетекшілігімен 4-орынға табан тіреген «Арис» биылғы маусымда алтын медаль алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0