Бокс

Әлімханұлы мен Головкин әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Әлімханұлы мен Головкин әлемдік рейтингте көш бастап тұр

The Ring орта салмақтағы боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, жазады Prosports.kz.

Тізімге қазақстандық үш боксшы енді. 

Бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Ал WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа рейтингте екінші орынға көтерілді. Ал WBO International белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші сатыға жайғасты. 

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік он боксшы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
2. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
3. Хайме Мунгия (Мексика)
4. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
5. Лиам Смит (Ұлыбритания)
6. Сергей Деревянченко (Украина)
7. Эрисланди Лара (Куба)
8. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан)
9. Феликс Кэш (Ұлыбритания)
10. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания).

Айта кетейік, 14 мамырда Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерді нокаутқа түсіріп, белбеуін қорғап қалды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0