Кака футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері қызметінде қалады

Meta-ratings.kz мәліметінше, алматылық «Қайрат» бас бапкері қызметінен кеткен бразилиялық маман футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері қызметінде қалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пауло Рикардо Фигейра Силва 2018 жылдан бері «Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының бас бапкері. «Қайраттағы» бес маусымнан кейін Чемпиондар лигасын жеңе алмаған Кака алматылық клубтан кетті. Дегенмен, бразилиялық маман Қазақстан құрамасында жұмысын жалғастырады. Кака жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алып, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан.
Еске салайық, 2023 жылы Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің элиталық кезеңіне қатысады. 8 маусымда өтетін жеребеде турнирдің жиырма қатысушысы төрт командадан бес топқа бөлінеді. Элиталық кезеңнің бес тобының жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей өтеді.
Фото kff.kz