Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді.
Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.
Рим мастерс турнирінде жеңіске жеткені үшін Е.Рыбакина 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 521 754 еуро табыс тапты.