Бокс

«Қазақ Ломаченкосы» Василий мен Хейни арасындағы тартысты жекпе-жектің әділ жеңімпазын атады

«Қазақ Ломаченкосы» Василий мен Хейни арасындағы тартысты жекпе-жектің әділ жеңімпазын атады

2023 жылғы әлем чемпионы, қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан жеңіл салмақтағы cөзсіз әлем чемпионы атағы үшін Девин Хани мен Василий Ломаченко арасындағы жекпе-жекке қатысты үкімін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лома жеңген еді», - деп жазды Сабырхан өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін, Астана уақытымен, Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде Василий Ломаченко төрешілер шешімімен Девин Хейниден (116-112, 115-113, 115-113) ұтылған болатын.

Махмұд Сабырхан мансабының басында Украинаның атақты өкілімен стилі ұқсас болғаны үшін «Қазақтың Ломаченкосы» деген лақап атқа ие болды.

«Казахский Ломаченко» назвал честный исход спорного боя Василия с Хэйни за «абсолют»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0