Елена Рыбакина WTA рейтингінде рекордтық орынға көтерілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Рим турниріндегі жеңісінің арқасында жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина 5090 ұпай жинап, WTA рейтингінде француз Каролин Гарсияны басып озып, төртінші орынға көтерілді. Айта кетейік, турнир басталмай тұрып қазақстандық алтыншы орынде еді. Қазіргі уақытта көшбасшы поляк теннисшісі Ига Святек – 8940 ұпай, екінші орында белорус Арина Соболенко – 7541 ұпай, үшінші орында америкалық Джессика Пегула – 5205 ұпай.
Бұл Елена Рыбакинаның 2023 жылғы екінші титулы: наурыз айында ол Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің жеңімпазы атанды.