Алматыда киберспортты дамытуға жарты миллиард теңге бөлінді

Алматыда киберспортты дамытуға жарты миллиард теңге бөлінді

Алматыда киберспортты дамытуға 500 млн теңге бөлінді, тапсырыс беруші «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» КММ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сома конференциялар, семинарлар, форумдар, конкурстар, корпоративтік, спорттық, мәдени, мерекелік және осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерге бөлінеді. Сонымен қатар, сипаттамада ақшаның «Almaty Cyber Games 2023-2025» іс-шарасын өткізу қызметтеріне жұмсалатыны көрсетілген.

«Бірінші жылға басшылық 227 852 312 теңге, екінші жылға 192 737 573 теңге, үшінші жылға 174 585 283 теңге бөліп отыр. Жоспарланған сома 595 175 168 теңге», — делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Бұл тапсырысты орындау мерзімі 23 мамырда басталып, 7 мамырда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или