Рафаэль Надаль жарақатына байланысты "Ролан Гарросқа" қатыспайтын болды

18 мамырда испаниялық теннисші Рафаэль Надаль БАҚ өкілдеріне арнап арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, онда осы маусымдағы турнирлерге, соның ішінде Франциядағы "Ролан Гаррос" 2023 турниріне қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz .
Осылайша, "Үлкен дулыға" турнирінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль карьерасын 2024 жылға дейін тоқтатады.
"Мен "Ролан Гарроста" ойнай алмаймын. Кейінгі бірнеше айда мен күнделікті үзіліссіз жаттықтым, бірақ Аустралияда кезіккен мәселенің шешімін таба алмадым. Парижде өзім қалағандай үздік ойын көрсетуге дайын емеспін. Кейінгі жылдар нәтиже жағынан өте жақсы болды, бірнеше "Үлкен дулығада" және маңызды турнирлерде жеңіске жеттім, бірақ жаттығулар мен турнирлерден өзім қалағанды ала алмадым. Физикалық проблемаларға байланысты жиі үзіліс жасадым, жаттығудың бәрін ауырсынып орындадым, сол себепті мен үзіліс жасаймын".Рафаэль Надаль