ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипін таныстырды

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипін таныстырды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Лос-Анджелестегі «Гриффит» обсерваториясында 2026 жылғы әлем чемпионатының эмблемасын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты fifa.com-ға сілтеме жасап.

АҚШ, Канада және Мексика елінде өтетін келесі әлем чемпионатының логотипін ФИФА президенті Джанни Инфантино мен Бразилия құрамасы сапында екі дүркін әлем чемпионы болған Роналдо таныстырды.

Сондай-ақ Джанни Инфантино жақында 2026 жылғы әлем чемпионатының матчтары өтетін 16 қаланың әрқайсысының жеке логотипі көпшілікке көрсетілетінін айтты.

2026 жылғы әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысады. 1998 жылдан бері осыған дейінгі жеті әлем біріншілігінде 32 құрама бақ сынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0