«Астананың» экс-шабандозы коронавирусқа байланысты «Джиро д'Италиядан» шығып қалды

Немістің «Бора-Хансгрохе» командасында өнер көрсететін ресейлік велошабандоз Александр Власов сейсенбі күні «Джиро д'Италия» көпкүндігінен коронавирус сынамасының оң нәтиже бергеніне байланысты шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір күн бұрын Власов 10-кезеңде шықты, бірақ сырқатына байланысты 65 шақырымды жүріп өткен соң жарыстан кетуге мәжбүр болды.
Спортшы шаршағанын сезініп, тамағы ауыратынына шағымданған. Власов COVID-19 тестінен өтті, оның нәтижесі оң болды.
27 жастағы ресейлік 10-кезеңге дейін «Джиро д'Италия» жарысының жалпы есепте алтыншы орынға ие болды.
Бұған дейін коронавирусқа оң нәтиже бергендіктен, тағы бірнеше шабандоз жарыстан шығып кеткен.
Еске салайық, Власов «Астана» сапында екі маусым (2020-2021) өткізді.