UFC-де өнер көрсеткен алғашқы қазақ Алматыда октагонға шығады

Алматыда өтетін OCTAGON 45 турнирінде қазақстандық ММА ардагері Жұмабек Тұрсын (22-11-1) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның жартылай жеңіл салмақтағы қарсыласы үндістандық Кушал Вяс (11-8) болады.
Айта кетейік, қазақстандық файтер OCTAGON 38 турнирінде ирандық Ясер Ашауриді (4:1) нокаутқа түсірген.
Айта кетейік, Қытай тумасы Тұрсын 2014 жылы UFC-де үш жекпе-жек өткізіп, америкалық промоушенде өнер көрсеткен тарихтағы алғашқы қазақ атанған.
Кештің басты жекпе-жекгінде «Қазақ Сехудосы» Дамир Төленов (9-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қырғызстандық тәжірибелі спортшы Алманбет Абдывасы уулуымен (11-6) жекпе-жекте үшінші рет қорғайды.