Швырев «Қайсарға» қарсы ойынға қатыспайды

Швырев «Қайсарға» қарсы ойынға қатыспайды

«Қайраттың» 22 жастағы шабуылшысы Вячеслав Швырев ҚПЛ-дың 10-туры аясындағы «Қайсарға» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

9-тур аясында өткен «Ақтөбеге» қарсы ойында (2:1) Швырев сары қағаз алды. Бұл оның осы маусымдағы төртінші ескертуі болды. Сол үшін «Қайсарға» қарсы матчқа қатыса алмайды.

Айта кетейік, Вячеслав Швырев биылғы маусымда чемпионатта 9 кездесуге қатысып 1 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0