Бокс

Қазақстан - Өзбекстан текетіресі, «алтын» үшін қазақтар дербиі. Әлем чемпионатындағы финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

Қазақстан - Өзбекстан текетіресі, «алтын» үшін қазақтар дербиі. Әлем чемпионатындағы финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Жексенбі, 14 мамырда Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем чемпионатында финалдың екінші күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанда үш боксшы «алтын» үшін жұдырықтасады. Рингке бірінші болып «Қазақ Ломаченкосы» - Махмуд Сабырхан (54 келі) пен өзбек Ойбек Джураев шығады. Төртінші кездесуде 71 келі салмақтағы Асланбек Шымбергенов Өзбекстанның тағы бір өкілі Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасады. Бесінші жұпта 80 келі салмақтағы Нұрбек Оралбай Қытай құрамасында өнер көрсететін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен кездеседі.

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Еске салайық, финалдың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан бір алтын медаль жеңіп алды - Санжар Тәшкенбай (48 келі) өз салмағында чемпион атанса, бір күміс медальді - Дулат Бекбауов (67 келі) еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер