Қазақстан чемпионаты: Финалдағы үшінші ойындардың тікелей трансляциясы

13 мамырда Рудный мен Атырау қаласында футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық матчтарының үшінші туры өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық «Қайрат» рудныйлық «Аятпен» финалдық серияның үшінші кездесуін өткізеді. Алғашқы екі ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болды.Келесі екі ойын Рудныйда өтеді. «Аят» – «Қайрат» сериясының үшінші кездесуі Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Қола жүлдеге таасып жатқан «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы серияда да есеп тең – 1:1. Үшінші ойын Астана уақытымен 18:00-де басталады. Матчты «Атырау» клубының Youtube-арнасы көрсетеді, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.