Әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай финалға шықты

Қазақстандық әуесқой боксшы Нұрбек Оралбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек ресейлік Имам Хатаевпен кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа да созылып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (4-1) Оралбайдың жеңісімен аяқталды.