Бокс

Өзбекстан атынан шығатын этникалық қазақ әлем чемпионатында финалға шықты

Өзбекстан атынан шығатын этникалық қазақ әлем чемпионатында финалға шықты

Өзбекстан құрамасының өкілі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев 2023 жылы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдуллаев финалға армян Ованнес Бачковпен шығу үшін таласып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Абдуллаев екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Осылайша, Руслан Абдуллаев әлем чемпионатының финалисті атанса, Оганнес Бачков Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жолын қола медальмен аяқтады. Абдуллаев қазіргі Азия чемпионы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0