русский язык
Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыратлет Карина Горичева кіші күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық ауыратлет Карина Горичева кіші күміс жүлдеге ие болды

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық ауыратлет Карина Горичева кіші күміс жүлдеге ие болды. 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева 2019 жылдан бері қарай халықаралық жарыстарға қатыспаған.

4 жылдық үзілістен кейін тәжірибелі спортшы 64 келі салмақта сынға түсіп отыр. Ол бірінші жаттығуда 85 келіні еңсеріп, артынша 90 келіге тапсырыс берген - көтере алмады. Одан кейін соңғы мүмкіндікте 91 келіні еншісіне жазды. Осылайша, жұлқа көтеруде ол кіші күміс жүлдеге ие болды. Серпе көтеруді өз бағындырып жүрген 95 келімен бастап оны көтерген болатын. Екінші мүмкіндігінде 101 келіге тапсырыс беріп, барын салып, көтеріп, өзінің жеке көрсеткішінен асып түсті. Енді 106 келіні бағындырса, қола жүлде қолда еді. Бірақ бұл салмақты кеудесіне дейін көтеріп еді, зілтемір ары қарай ырқына көнбей кетті. Қоссайсыс нәтижесінде 192 келімен бесінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;