Дзюдо

Дзюдодан Дохадағы әлем чемпионаты: үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Дзюдодан Дохадағы әлем чемпионаты: үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Дзюдодан Дохада өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде әйелдер арасында 57 келіге дейін, ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

9 мамырда ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшылар Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев татамиге шығады. Әйелдер арасындағы сында 57 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Бақыт Құсақбаева қорғайды.

Финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0