Баскетболдан Қазақстан чемпионаты: «Ирбис» «Тобылды» жеңді

Алматыда жергілікті «Ирбис» пен қостанайлық «Тобыл» арасында баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аясында үшінші орын үшін серияның 3-туры өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылықтар 85:56 есебімен жеңіске жетті. Серияда 2:1 есебімен қостанайлықтар көш бастап келеді. Бұл кездесуде «Ирбис» ойыншылары Роберт Пан мен Артем Степанцов дабл-дабл жасады.
Ел біріншілігінің қола жүлдесі үшін келесі кездесуі 8 мамырда Алматыда өтеді.
«Ирбис» (Алматы) – «Тобыл» (Қостанай) 85:56 (14:17, 24:12, 27:12, 20:15)
«Ирбис»: Пан (19, 19), Феликс (18), Степанцов (15, 14), Бажин (13), Козыркин (9), Курочкин (3), Бимендин (3), Жигулин (3), Селезнев (2)
«Тобыл»: Ильин (12), Горнаев (10), Посашков (9), Битенов (8), Куанов (6), Симбаев (5), Капаков (2), Валиев (1)
Фото nbf.kz