русский язык

ҚПЛ көшбасшы маусымда алғаш рет ұтылды

ҚПЛ көшбасшы маусымда алғаш рет ұтылды

Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясындағы матчта қарағандылық «Шахтер» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарымен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қонақтар матчқа турнирдің жалғыз көшбасшысы мәртебесінде және маусымда жеңіліссіз келді.

Матчтағы жалғыз голды Тимур Чогадзе айып добынан соқты.

Осылайша, «Қызылжарда» 19 ұпай қалып, турнир кестесінің бірінші қатарында, «Шахтер» сегіз ұпаймен 11-орында қалды.

Шахтер - Қызылжар 1:0 (0:0)

Гол авторы: Чогадзе 62 (1:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;