Нұрқанат Райыс бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТашкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен шеберлік байқасты.
Нұрқанат Райыс бірінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрқанат алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.