русский язык
ММА

UFC 288: Стерлинг басты жекпе-жекте Сехудоны жеңді

UFC 288: Стерлинг басты жекпе-жекте Сехудоны жеңді

Ньюарк қаласында (Нью-Джерси, АҚШ) өткен UFC 288 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ямайкалық Алджемейн Стерлинг отандасы Генри Сехудомен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бес раундқа созылған жекпе-жек тейкдаунға толы болды (Стерлинг 4, Сехудо үш мәрте тейкдаун жасады), соққы техникасында басымдық Стерлинг жағында болды, жалпы соққы – барлығы 174:110 және қуатты соққы – 110:63.

Статистикадағы осы артықшылық екі төрешінің қазіргі чемпионды жеңімпаз деп тануына себеп болды – 48:47, 48:47. Дәл осындай есеппен үшінші төреші жеңісті Сехудоға берді. Осылайша, Стерлинг жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық титулын үшінші рет сәтті қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;