Футзал

Ел біріншілігі: Финал мен үшінші орын үшін матчтардың тікелей трансляциясы

Ел біріншілігі: Финал мен үшінші орын үшін матчтардың тікелей трансляциясы

7 мамырда Алматы мен Ақтөбе қалаларында футзалдан Қазақстан чемпионатында финалдың екінші матчы мен үшінші орын үшін ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық «Қайрат» пен рудныйлық «Аят» арасындағы финалдық текетірестің екінші ойынв Астана уақытымен 13:00-де басталады. Бір күн бұрын өткен алғашқы кездесу қосымша уақытта алматылықтардың жеңісімен аяқталды – 6:4.

Футзал жанкүйерлері матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасының сайтынан көруге болады.

Ақтөбе мен Атырау арасындағы алғашқы кездесу тартысты өтіп, 4:3 есебімен қызыл-ақтардың пайдасына аяқталды. Батыс дербиінің екінші матчы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады, трансляцияны «FC Aktobe TV» Youtube арнасында көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0