«Қайрат» финалдың алғашқы матчында керемет камбэк жасады

Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионаты финалындағы алғашқы матчында камбэк жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылықтар рудныйлық «Аятқа» қарсы матчта 1:4 есебімен жеңіліп жатқан. Ойынның соңғы 4 минутында «Қайрат» матч тағдырын өзгертіп тастады. Соңғы ысқырыққа 10 секунд қалғанда таразы басын теңестіре алды.
Ал қосымша уақытта Кака шәкірттері екі гол соғып, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан чемпионаты-2022/2023. Финал. Бірінші матч
«Қайрат» - «Аят» - (6:4)
Голдар: Ақбалықов, Диего, Руиз, Оразов, Есеманов, Эдсон – Лео, Валиуллин, Абдуманапұлы, Луан Марсело.