Футзал

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы дубль жасап, «Пальма Футзал» Чемпиондар лигасының финалына шықты. Видео

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы дубль жасап, «Пальма Футзал» Чемпиондар лигасының финалына шықты. Видео

Испаниялық «Пальма футсал» мен португалиялық «Бенфика» фтзалдан Чемпиондар лигасының финалына берілер екінші жолдаманы сарапқа салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында испаниялық команда 4:3 есебімен жеңіске жетті. Финалда олар португалиялық «Спортингпен» кездеседі (кездесу Қазақстан уақыты бойынша 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні сағат 12:00-де басталады).

Сол күні Қазақстан уақытымен 21:00-де үшінші орын үшін «Бенфика» мен бельгиялық «Андерлехт» кездеседі.

«Пальма Футзал» (Испания) – «Бенфика» (Португалия) 4:3 (3:1)
Гол соққандар: 
Тайеби (2 пен, 18), Манкузо (5), Кайнан (22) – Чишкала (19), Лео Гужиэл (21), Собрал (25)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0