Қазақстан чемпионаты: Финалдық серияның алғашқы ойындарының тікелей трансляциясы

6 мамырда Алматы мен Ақтөбе қаласында футзалдан Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің үшінші орын үшін және финалдық сериясының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел біріншілігінің алтын жүлсін алматылық «Қайрат» пен рудныйлық «Аят» сарапқа салады. Серияның алғашқы ойыны «Қайрат» командасының алаңында өтеді, ол Алматы уақытымен 13:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Үшінші орынға «Ақтөбе» мен «Атырау» таласады. Бұл текетірестің бірініш ойыны Ақтөбеде өтеді. «Ақтөбе» – «Атырау» матчының тікелей трансляциясы жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады, оны FC Aktobe TV Youtube-арнасынан көруге болады.