Әлем кубогы: Су добынан Қазақстан құрамасы Израильмен кездеседі

Cу добынан әйелдер арасындағы әлем кубогы жартылай финалында Қазақстан құрамасы Израиль командасымен кездеседі.
Әлем кубогының іріктеу кезеңі Германия астанасы Берлин қаласында өткізілді. Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшылар Германияны 11:7, Ұлыбританияны 15:7 есебімен тізе бүктірді.
Ал, үшінші кездесуінде Жаңа Зеландияға 8:15 есебімен жол берді. Қарсыластар В тобында алғашқы екі орында тұрған еді. Жеңген жағдайда аталған топта бірінші орынға жайғасуға мүмкіндік алатын. Бұл жағдайда жартылай финалда А тобында екінші орын алған құрамамен кездесетін.
Дегенмен, жеңілгеннен кейін қазақстандық спортшылар А тобында көш бастаған Израильге қарсылас атанды. Жеңімпаз құрама әлем кубогы финалдық сатысына барады.
Тағы бір жолдаманы Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Африка сарапқа салады.
Әлем кубогының финалдық сатысы 23-25 маусым күндері АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында болады.