Су добы: Қазақстан әлем чемпионатында Жаңа Зеландия құрамасынан жеңілді

Берлинде өтіп жатқан су добынан әлем кубогының үшінші раундындағы матчта Қазақстан әйелдер құрамасы Жаңа Зеландиядан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу қазақстандық команданың 8:15 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Сонымен, ертең, 4 мамырда Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін Оңтүстік Африка құрамасымен кездесу өткізеді.