Cloud9 ұжымы OG командасын жеңіп, Brazy Party 2023 турнирінің финалына өтті

Ресейлік Cloud9 ұжымы Brazy Party 2023 CS:GO турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:1 есебімен аяқталды (Inferno-да – 17:19, Overpass-та – 16:11 және Ancient-те– 19:16).
OG 3-4-орынға ие болып, чемпионатты аяқтады. Абдул degster Гасановтың құрамы 35 мың доллар табыс тапты.
Гранд финалда Cloud9 Astralis командасына қарсы ойнайды. Кездесу best-of-3 форматында өтеді.
Brazy Party 2023 турнирі 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында онлайн форматта өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 333 мың долларын құрайды.