Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан әлем чемпионаты матчында Германияны жеңді

Бүгін су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Берлинде (Германия) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем кубогы аясында кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы В тобындағы 2-дивизионның алғашқы ойынында алаң иесі Германия құрамасын 11-7 есебімен жеңді.
Матчтан кейін Қазақстан құрамасы қоржынында 3 ұпай жинап, топта екінші орында тұр, бірінші орында Жаңа Зеландия құрамасы.
Германия 3-орынды, Ұлыбритания төртінші орынды иеленді.
Айта кетейік, қазақстандық әйелдер ағылшын қыздарына қарсы ойнайтын келесі кездесу бүгін Астана уақытымен 23:00-де өтеді.
Қазақстан – Германия 11-7 (4-5, 3-0, 3-2, 1-0)