Бокс

Батлер Әлімханұлының чемпиондық атағын тартып алатынын айтты

Батлер Әлімханұлының чемпиондық атағын тартып алатынын айтты

Канадалық боксшы Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) 13 мамырдағы жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлын (13-0, 8 КО) жеңетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жек Калифорния штатының Стоктон қаласындағы Stockton Arena-да өтеді.

Батлер Instagram парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялап: «13 мамырда WBO тұжырымының жаңа чемпионы болуға дайынбыз!», - деп жазды.

Айта кетейік, Батлер орта салмақтағы WBO рейтингінде алтыншы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0