Еділ Қожамбердиев Ыстамбұлда жеңіске жеткеннен кейін мәлімдеме жасады

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев Ыстамбұлдағы (Түркия) бокс кешінде жеңіске жеткеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шоу аясында Қожамбердиев үндістандық Кулдип Сингхты жеңіп, WBC Middle East аумақтық титулын иеленді
«Жеңіс құтты болсын ағайын! Көк туымыз желбіреп, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Бүгін маған жанкүйер болғандарыңызға алғысым шексіз. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Алға, Қазақстан», — деп жазды Еділ Қожамбердиев.