«Алтай» клубтар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

«Алтай» клубтар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Виньхукте (Вьетнам) өтіп жатқан волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аясында өскемендік «Алтай» Гонконгтың «Хип Хин» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында қазақстандық команда 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық клуб турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, шығысқазақстандық волейболшылар «Ляонин Донхуа» (Қытай), «Хип Хин» (Гонконг), «Хувсгул Эрчим» (Моңғолия) және «Дайамонд Фуд Файн» (Таиланд) командаларымен бірге В тобында өнер көрсетті.

«Алтай» - «Хип Хин»» 3:0 (25-14, 25-8, 25-12)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0