Хоссейн Тайеби: «Қайрат» АФК – менің үйім әрі отбасым

Хоссейн Тайеби: «Қайрат» АФК – менің үйім әрі отбасым

Қазір испаниялық «Пальма» сапында өнер көрсетіп жүрген «Қайрат» АФК-ның бұрынғы ойыншысы Хоссейн Тайеби ирандық БАҚ-қа берген сұхбатында қазақстандық клуб жайлы ойын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

- Биылғы маусымда «Қайратпен» кездестік, «Бенфика» сапында жүргенде де оларға қарсы ойнадым. Мен үшін алматылық клубқа қарсы ойнау әрқашан өте қиын. Бұл клуб - менің үйім әрі отбасым. Оларға қарсы ойнау маған оңай тимейді.

Тайеби «Қайрат» АФК сапында 2016-2020 жылдар аралығында өнер көрсетті. Сол аралықта ирандық ойыншы 4 мәрте Қазақстан чемпионаты мен кубогын жеңіп алып, үш рет ел суперкубогында жеңіске жетті. Алматылық команда сапында Еременко кубогында 2 рет топ жарып, УЕФА Чемпиондар лигасының күміс және қола жүлдеіне қол жеткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или