ҚКФЛ футболдан Қазақстан Кубогының жаңа титулдық серіктесін таныстырды
Fonbet букмекерлік компаниясы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасымен серіктестік туралы келісімге отырды. Жарыс FONBET футболдан Қазақстан кубогы деген атқа ие болады.
Келісім-шарт туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Рохус Шох пен Fonbet букмекерлік компанияның Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі Сергей Анохиннің қатысуымен өткен пресс-конференциясында жарияланды.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Рохус Шох:
- ҚКФЛ Fonbet сияқты сенімді ірі серіктесті пайда болғанына өте қуаныштымыз. Бұл компанияның халықаралық статусы бар, сонымен қатар бизнес және спорт қауымдастығында мінсіз беделге ие. Fonbet жетекші спорттық турнирлермен және әлемнің үздік клубтарымен серіктестікте өзін ең жақсы жағынан көрсетті.
Келісімге қол қою - бұл ҚКФЛ үшін коммерциялық бағытта дамудың жаңа кезеңі деп айтуға болады. Келісім-шарт клубтардың Қазақстан кубогы мен суперкубогына қатысудан түсетін қаржылық дивидендтерді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл келісім-шарт бойынша жұмысқа тек ҚКФЛ ғана емес, Лига Кеңесі де қатысқанын ерекше атап өткім келеді. Демек, мұндай қуатты серіктеспен жұмыс жасау – лига мен клубтардың ортақ еңбегі.
Fonbet букмекерлік компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі Сергей Анохин:
- Біздің компания үшін серіктестермен бірдей құндылықтарды бөлісу маңызды. Бұл елімізде футболдың танымалдылығын арттыру және мүмкіндігінше көп адамды спортқа баулу. Fonbet алғаш рет Қазақстан Республикасында футбол бағытында серіктестік келісімін жасасты. Бүкіл әлем бойынша жұмыс істеуде үлкен тәжірибеміз және бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырған кәсіби мамандар құрамы бар болғандықтан, біз өз қабілетімізге толық сенімдіміз.
ҚКФЛ бірлесіп, біз Қазақстан кубогының телехабарларының сапасын ауқымды түрде жақсартуды және қызығушылықты арттыру үшін БАҚ өкілдері мен кеңес бере алатын көшбасшы мамандарды тартуды көздеп отырмыз. Біздің ұзақ мерзімді жоспарларымыз бар, енді мен Кубок финалында бұрын-соңды болмаған ауқымды шоу болатыны туралы айта аламын.
Қазақстан FONBET Кубогының жақын арадағы ойындары 19 сәуірде Республикамыздың сегіз қаласында өтпек.