«Барселона» президенті Месси командаға оралатынын айтты

«Барселона» президенті Месси командаға оралатынын айтты

«Барселона» президенті Жоан Лапорта Испания чемпионатының 29-туры аясында өткен «Хетафеге» қарсы ойын (0:0) алдында жанкүйерлерімен кездесіп, ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси жақын арада каталониялық командаға оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Cadena SER Carrusel Deportivo бағдарламасында Лапортаның жауабы жарияланды:

«Месси «Барсаға» орала ма?»

Жанкүйер қойған сұраққа функционер сенімді дауыспен әрі анық: «Иә» деп жауап берді.

Айта кетейік, аргентиналық шабуылшы «Барселонада» 2005 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетті. Каталониялық клуб сапында ол 778 матчқа қатысып, 672 гол соқты және 303 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или