Виктор Кумыков: Кездесуде маңыздысы гол соғу
«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков “Жетісу” – “Қайсар” кездесуінен кейін ойын туралы пікірін білдірді.
– Кездесу өте қиын болды. Біріншіден, қарсыластарымыз өткен турда “Қайратты” сырт алаңда жеңіп, психологиялық тұрғыдан жақсы дайындықпен алаңға шықты. Екіншіден, біз биылғы маусымда алғаш рет табиғи көгалда доп теуіп тұрмыз.
Сондықтан пас алмасу тұрғысында футболшыларда қателіктер болды. Шабуыл барысында гол соға алмадық, есесінде пенальтиді сәтті орындадық. Кездесуде маңыздысы гол соғу. Сол себепті біз бүгінгі кездесуде жеңіске жеттік.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или