Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері «Наполиді» жаттықтырады
Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК бұрынғы бапкері, Какау деген атпен танымал Рикардо Камара Собрал италиялық «Наполиді» жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы маман әлеуметтік желіде өзі забарлады. «Бүгіннен бастап «Наполи» футзал командасын жаттықтыратынымды жариялаймын, директорлар кеңесінің сенімінен шығуға тырысамыз», - деп жазды Какау.
Айта кетейік, бразилиялық маман «Қайратты» 2013-2018 жылдар аралығында басқарған. Алматылық клубты бастап, екі мәрте УЕФА кубогын, төрт Еременко кубогын, әлем суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасын екі рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына (ЕУРО-2016-да қола медаль алды) және әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или