«Астананың» бұрынғы ойыншысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

«Астананың» бұрынғы ойыншысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

«Астананың» бұрынғы шабуылшысы Рай Влутты Нидерланды соты екі жарым жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сот 27 жастағы футболшының төрт жасар баланың өліміне әкеліп соққан жол апатына себепкер болғаны анықтады.

Прокурор бұл іс бойынша үш жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ сот футболшының төрт жыл көлік жүргізуге тыйым салды.

Айта кетейік, жол апаты 2021 жылы, футболшы «Урал» сапына ауыспай тұрған кезде болған. Сағатына 193 км жылдамтықпен жүйткіген машина жол апатына ұшырап, баланың өліміне себеп болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или