Роналду жеке ұшағын 20 млн еуроға сатылымға шығарды
Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес жеке ұшағын сатылымға шығарды. Ерлі-зайыпты Gulfstream G200 люкс ұшағын 20 миллион еуроға бағалаған.
Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес іскерлік және жеке мақсатта пайдаланған ұшақ аргентиналық модельдің Netflix сериалында "Мен Джорджинамын" көрсетілді. Алайда ерлі-зайыпты ұшақты сатып, үлкендеу ұшақ алуға шешім қабылдаған.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес қазір Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта тұрады. Португал футболшысы Аль-Насрға ауысқаннан кейін атақты жұп Таяу Шығысқа көшті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или