Гризманн Ла Лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы атанды

Гризманн Ла Лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы атанды

Мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн Ла Лиганың наурыз айында үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі лиганың сайтына сілтеме жасап

Көктемнің алғашқы айында шабуылшы Испания чемпионатының үш кездесуінде екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Бұл кездесулерде «Атлетико» үш жеңіске жетті.

Лиганың турнир кестесінде Диего Симеоне шәкірттері көшбасшы «Барселонадан» 17 ұпайға қалып, үшінші орында келеді. Жалпы, Антуан Гризманн Ла Лигада 26 матчта тоғыз гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или