Қазақстан кубогы: «Тұран» іріктеу сынының плей-офф кезеңіне шықты
Бүгін Шымкентте футболдан Қазақстан кубогы алғашқы іріктеу кезеңінің D тобындағы 3-тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы екі турда жеңіске жетіп, алты ұпайдан жинаған түркістандық «Тұран» мен алматылық «Хан-Тәңірі» плей-офф жолдамасын сарапқа салды.
Тартысқа толы ойында түрікстандық команда 4:3 есебімен жеңіске жетіп, D тобында бірінші орын алды.
«Хан-Тәңірі» — «Тұран» 3:4
Гол соққандар: 73 Айманов (1:2), 82 Айманов (пен) (2:3), 85 Айманов (пен) (3:3) («Хан-Тәңірі») – 25 Балашов (0:1), 44 Бөрібаев (0:2), 80 Сатанов (1:3), 90+1 Хаджиев (3:4) («Тұран»).
27 наурыз, 2023, 15:00. Шымкент, БИІК.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или