Дания шабуылшысы Қазақстан құрамасымен матч туралы ойын айтты

Дания шабуылшысы Қазақстан құрамасымен матч туралы ойын айтты

Дания құрамасының шабуылшысы Мартин Брейтуэйт Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берен сұхбатында Қазақстан құрамасына қарсы ойын жайлы пікір білдірді.

– Мартин, ойын жайлы не айтасыз?

– Бұл Қазақстан үшін жақсы жеңіс болды.

– Біздің команданың екінші голы туралы не айтасыз?

– Әдемі гол.

– Жасанды алаң команда ойынына кері әсер етті ме?

– Жоқ, бізде ешқандай проблема болған жоқ. Бұл футбол, футболда бәрі болады.

– Ойын нәтижесіне әсер еткен шешуші сәтті атай аласыз ба?

– Ойын есепті ұстап тұру үшін өтіп жатқандай көрінген, бірақ кейін бір өзгеріс болды. Футболда бәрі болуы мүмкін.

– Мұндай жеңілістен кейін келесі ойындарға қалай дайындаласыздар?

– Ойын қиын болды, қателіктерімізді тауып, түзетуге тырысамыз.

– Қазақстаннан жеңілу Дания футболы үшін масқара ма?

– Жоғарыда айтқанымдай, футболда бәрі болуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или